«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Центр детско-юношеского творчества поселка Научный при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын қазына» көркем және сәндік –қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме- байқауының өткізу ережесі

17.02.2023

1. Жалпы ережелер.

 

 «Алтын қазына» көркем және сәндік – қолданбалы  өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме –байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі –Көрме –байқау) оның мақсатын,міндеттерін, ұйымдастыру форматын және өткізу тәртібін  анықтайды.

Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Міндеттері:

1.білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, әлеуметтендіру;

2.балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы –сәндік өнеріне деген  қызығушылықтарын дамыту;

3.заманауи сәндік – қолданбалы өнердегі халық дәстүрін сақтау және елдің  мәдени –тарихи мұрасын арттыру;

4.Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету.

Көрме –байқауды ұйымдастырушы: Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Научный кентінің  балалар – жасөспірімдер» шығармашылық орталығы.

 

2. Көрме –байқауды өткізу уақыты мен орны.

 

Көрме – байқауы 2023 жылдың 27 ақпан күндері сағат 10:00-де Научный кентінің балалар- жасөспірімдер» шығармашылық орталығында өткізіледі. Мектеп басшысының қолы қойылған  байқауға қатысу туралы өтінімдер shortandu_ddt@mail.ru электрондық поштасына 2023 жылдың 24 ақпан дейін электронды түрде қабылданады. Анықтама телефон 8 (71631) 2-34-26, (8 747 195 58 93) Бегзада Л.

 

3. Көрме- байқау  қатысушылары

Көрме – байқауының  аудандық кезеніне 11-17 (18 жасқа дейін) жас аралығындағы білім алушылар қатыса алады. (әр номинациядан 1 қатысушыдан.)

 

4. Көрме –байқауды өткізу тәртібі

 

Балаларды іс- шараларға қатыстыру арқылы көркем, сәндік –қолданбалы шығармашылықты дәріптеу,балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін .

Көрме байқау үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең (іріктеу)-аудандық:

2) екінші  кезең- облыстық (іріктеу);

3) үшінші  кезең (қорытынды)-республикалық

Көрме –байқаудың облыстық іріктеу кезеніне,аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларымен расталған өтінімге сәйкес, көрме – байқаудың аудандық/қалалық іріктеу кезеніңің жеңімпаздары ғана қатыса алады.

Көрме –байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы техникадағы және материалдағы жұмыстар қабылданады: әр қатысушыдан әр номинацияға 5 жұмыстан қабылданады.(бір бала бір номинацияға қатысады):

 1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен,кестелеу,бисер, батик,киіз басу,құрақ пластикасы;

 2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайын қабығынан жасаған бұйымдар, инкрустация (сүйек,металл,ағаш);

3) металды көркемдеп өңдеу; зергерлік бұйымдар,шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

4) ағаштан, тастан,саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

5) Ұлттық ою - өрнегі бар халықтық  киімдерінің үлгісін жасау;

6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами,аппликация,квиллинг,папьемаше

7) ұлттық нақтылықтағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т.б.

 

 

Өтінім берген кезде барлық қатысушылар shortandu_ddt@mail.ru электрондық поштасына қосымша барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотаға түсіру жолымен немесе компютерлік графикалықредактордың көмегімен орындалғанэлектрондық көшірмелер (графикалық  файлдар) түрінде  қабылданады.

Файл параметрлері: Jpg  немесе png форматы. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде:жұмыстың аталуы,орындау техникасы,қажет болған жағдайда –мазмұнын  түсіндіру.

Бағалау өлшемдері:

Жұмыстың Көрме –байқау номинациясына сәйкестігі;

Ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдану;

Жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік денгейі,ерекшелігі;

Бұйымның стильдік көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;

Фотаның сапасы және анықтығы.

Жұмыстардың ілеспе заттаңбасы (этикеткасы) болуы тиіс жұмыстың аталуы,автордың тегі,аты,жасы,орындау техникасы,білім беру ұйымының аталуы.Шлеспе заттаңбасының  анық фотасын қоса тіркеу қажет.

 

 

5. Көрме –байқаудың қорытындысын шығару және  жеңімпаздарды марапаттау

  

Көрме –байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.Жеңімпаздар I,II,III орынға ие болады.

 

6. Көрме –байқауды қаржыландыру

 

Көрме –байқауға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге келетін және кері қайтатын жол ақысы және жолдағы тамақтануы жіберуші жақтың тарапынан төленеді.

Көрме –байқауды өткізу кезіндегі қатысушылардың тамақтануы (түскі ас) облыстық бюджедт есебінен қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алтын қазына» көркем және сәндік –қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының аудандық көрме –байқауына қатысуға өтінім.

 

Жұмыстың атауы

Қатысушының Т.А.Ә.

Туған күні

Тұрғылықты мекен-жауы,

Электрондық пошта,телефон

Білім беру ұйымы,сыныбы

Жетекшінің байланыс телефоны.     Электрондық поштасы.

Тоқыма бұйымдарын дайындау:гобелен, кестелеу,батик,киіз басу,құрақ   пластикасы

 

 

 

 

 

 

Ағашты,сүйекті,теріні көркемдеп өңдеу:көлемді және тегіс кесу,ағашқа сәндеп жазу,қайын қабығынан жасалған бұйымдар,инкрустация (сүйек,металл,ағаш)

 

 

 

 

 

 

Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар,шағын формалардың мүсіні,бедер салу,соғу;ағаштан, тастан,саздан (қыш саз) сабан,тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау

 

 

 

 

 

 

  Ұлттық ою - өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау

 

 

 

 

 

 

Қағаздан бұйымдар жасау: оригами,аппликация,квиллинг,папье-маше

 

 

 

 

 

 

Ұлттық  нақыштағы интерьердің ерекше дизайн- жобасы:үйлер,бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп басшысының ___________________________аты-жөні

                                                                 ( қолы)

Просмотров: 3252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст