«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Научный кентінің балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК
ГККП «Центр детско-юношеского творчества поселка Научный при отделе образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

аудандық байқаудың ережесі

21.01.2020

«Есірткіге «Жоқ», салауатты өмірге «Иә» аудандық сырттаый бейнероликтер байқауын өткізу Ережесі

 

Байқаудың мақсаты және міндеті

Салауатты өмір салтын насихаттау;

Нашақорлық және басқа да келеңсіз дағдылардың алдын алу;

Өнерлі де дарынды балаларды анықтау.

 

Байқауды ұйымдастырушылар: «Шортанды балалар шығармашылығы Үйі» МКҚК

 

Қатысышылар

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, балалар шығармашылық үйлерінің тәрбиеленушілері. (8-9 сынып)

 

Байқауға қойылатын талаптар

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

  • «Салауатты өмір салтын насихаттау»;
  • «Нашақорлық және басқа да келеңсіз дағдылардың алдын алу»

 

 

 

Материалға қойылатын талаптар:

Байқауға жіберілетін бейнероликтер, келесі талаптарға жауап беру қажет:

  1. Салауатты өмер салтын ұстанудың жағымды жақтарын немесе есіртке қолданудың жағымсыз жақтарын көрініске және айқын формада көрсету.
  2. Есірткі құралдарын және психотроптық заттарды жергілікті жерде сатып алу, дайындау және қолдану, әзірлеу әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер яғни есірткіні насихаттау немесе қолдануды жасырын жарнамалауға тиым салынады.
  3. Бейнероликтің хронометражы 5 минуттан аспауы қажет.
  4. Бейнеролик автор құқығын бұзбай, байқауға қатысушының өзімен немесе топпен (ұжымдық жұмыс) дайындалуы қажет.
  5. Бейнеролик AVI,  MPEG-2, WMV, DVD форматында компакт-дискіде ұсынылады . байқауға ұсынылған жұмыстың авторы байқауды кейіпкердің бейнероликке түсуіне келісімін алуға, оларды жариялауға өз жауапкершілігіне жүктейді.
  6. Автор өзінің өтінімінде авторлық жұмысын бекітеді. Байқау жұмысында босқа біреудің авторлық және шектес құқықтары бұзылған жағдайда жұмыстың авторы жауапкершілік арқалайды.

Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды, алдағы уақытта ұйымдасдастырушылармен қолданылуы мүмкін.

 

Өтінімді қабылдау тәртібі

Өтінімдер (1қосымша) мен жұмыстар (бейнероликтер) 2020 жылдың 14 ақпанына дейін білім беру ұйымдарының басшыларының қолы қойылған, мөрімен бекітілген түрде мына мекен жай бойынша қабылданады: Научный кенті, Юбилейная көшесі 10/3 Шортанды балалар шығармашылық Үйі, электронды пошта: shortandu_ddt@mail.ru, факс 2-34-26

 

«Есірткіге «Жоқ», салауатты өмірге «Иә»- атты үздік бейнеролик түсіру бойынша сырттай аудандық байқауының қорытындысы 2020 жылдың  17 ақпанында өтеді.

 

Жеңімпаздарды марапаттау

Жүлделі орын алған қатысушылар дипломдармен және грамоталар мен марапатталады .

 

Қатысышының аты -жөні

Қатысышының жасы, сыныбы

Ұйымның атауы

Бейнероликтің атауы

Номинация

Жетекшінің аты-жөні

Байланыс құралдар (ұялы телефон, электрондық пошта мекенжайы)

1

2

3

4

5

6

7

 

Б.Ұ. жетекшісінің қолы

Просмотров: 286


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст