Мемлекет басшысының: «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаланың шеңберінде
оқушылар арасында аудандық дебаттық турнирінің өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл ереже турнирдің мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастырылуын анықтайды.
1.2. Ұйымдастырушылар: Шортанды балалар шығармашылық Үйі.
1.3. Өткізілу күні, орны: Научный к. Институт ОМ. Сағ 10.00 де.
1.4. 2020 жылғы 13 ақпанда өткізіледі.
2.1. Турнирдің мақсаты: аудан оқушыларының арасында мектептік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі дебаттық қозғалысты дамыту және қолдау.
2.2. Турнирдің міндеттері:
- аудандағы мектеп пікірталас қозғалысының дамуы;
- шешендік өнерге баулу, тыңдау, қабылдау, талдау, ойларын сауатты және ақылмен жеткізе білу;
- жастар арасында саяси мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету, парламентаризм дағдыларын игеруге көмек көрсету;
- оң тәжірибе мен инновациялық идеялармен алмасу;
- білім деңгейін көтеру және жастардың сыни ойлауын дамыту;
- студенттердің азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту;
3. Турнирге қатысушылар
3.1.Турнирге ауданның жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-10 сыныптарының білім алушылары қатысады.
Турнирге әр мектептен 1 команда және екі тілдік мектептен 2 команда қатыса алады (1 – қазақ тілінде, 1 – орыс тілінде) және 2 жетекші (команда жаттықтырушысы).
3.2. Турнирге қатысу үшін басшыларының қолы қойылған өтінімі 2020 жылғы 10 ақпанға дейін shortandu_ddt@mail.ru электронды поштасына қабылданады (1-қосымша).
4. Турнирді өткізу шарты және тәртібі
4.1.Турнир Американдық парламенттік форматы бойынша өткізіледі (әр топта 2 ойыншы ).
4.2. Турнир үш іріктеу кезеңі, ¼ финалы (қажет болса), жартылай финал және финал.
4.3. Турнирдегі командалардың сөз сөйлеу реті қатысушылардың келу күні жеребе тастау арқылы анықталады.
5.Турнирге қатысушы командалардың міндеттері:
-дебаттың жарияланған тақырыбы бойынша ақпаратты жинастыру (статистика, дәлелдер, пікірлер, дәйексөздер және т.б.);
-кейстерді құру (тақырып өзектілігі, негізгі түсініктер мен өлшемшарттарды анықтау, аргументтер – деректер, түсініктемелер).
-әр командасының киімдерінің ерекше элементтері болуы қажет: гастуктер, бас киімдер, жеңіл жейдедегі команда эмблемасы.
6. Турнирдің болжамды тақырыптар:
1. БП 4 сыныптан кейін белгілі бір бағытта (гуманитарлық / жаратылыстану-математикалық) білім алуға рұқсат беру керек деп санайды.
2. БП еріктілік жылы жастардың дарындарын дамытудың тиімді тетіктерін ұсынады.
3. БП «Қазақстанда жасалған» брендін кеңінен қолданудың тиімді механизмін ұсынады.
4. БП жастар арасында экологиялық жобалардың тиімді механизмін ұсынады.
5. БП жастар қозғалысын дамытуға бағытталған жобалардың тиімді механизмін ұсынады.
7. Қатысушыларды марапаттау
Турнирдің жеңімпаз командалары дипломдармен және грамоталармен марапатталады.