Шортанды ауданының мектептеріндегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі - нашақорлықтың алдын алу және жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың дамуы туралы ақпараттандыру және жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлыққа деген жағымсыз қатынасты қалыптастыру мақсатында Шортанды балалар шығармашылық Үйінің ұйымдастыруымен ««Есірткіге «Жоқ», салауатты өмірге «Иә» - аудандық сырттаый бейнероликтер байқауы өткізілді.
Бейнероликтер оқушылардың нашақорлықтың қауіптілігі, есірткіні қолданумен байланысты аңыздар, есірткіні тарату мен сақтау жауапкершілігі, есірткіге тез тәуелділіктің пайда болуы, денсаулыққа тигізетін зияны туралы әңгімеледі. Олар өскелең ұрпақты жаман әдеттерден аулақ салауатты өмір салтын жүргізуге көмектесетін әр түрлі белсенділік пен пайдалы хоббиді насихаттады.